Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.
“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін", – дейді ол.
Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.
"Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты", – деді ол.
Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.
“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар.