Өз ықтиярымен көмек көрсетуге шыққандар Қырғызстан тауларында мемлекеттік шекараны күзетуге жәрдем бермек

Республиканың шекарасын күзету үшін Қырғызстанның шекарадағы аудан тұрғындары Мемлекеттік шекара қызметінің штатына алынуда, деп хабарлады ведомство жетекшісі Құрманақын Матенов.


           "Қазір Қырғызстанның Мемлекеттік шекаралық қызметінде таулы жерлерге жергілікті халық ішінен өкілетті шекарашыларды қою идеясы пысықталуда", деді Қ.Матенов "Интерфакске" берген сұхбатында.
           "Шекараның әр метріне шекарашы қоя алмайсың, бірақ онда біздің адамдар тұрады. Шекараны соларға күзетудің шұғыл әдісін енгізбекпіз", деді ол.
           Оның айтуынша, шекаралық өкілетті тұлғалар ведомство штатына қызметші ретінде алынбақ, оларға жалақы жүрмек.