Өз жұмыс орнын тонаған жігіт ұсталды


Тергеу барысында 24 жастағы жәбірленуші түсінік беруден жиі шатасқан екен. Кейін өзі оқиғаны ойдан шығарып, арам ойын жүзеге асыруға тіпті танысын тартқанын да мойындапты. «Ұрланды» деген 100 мың доллар күдіктінің көлігінен табылды. Қазір қылмыстық іс қозғалып, ақша айырбастау пунктінің қызметкері тергеу изоляторында жабылды. Күдікті үйленген, екі баланы әкесі бұрын-соңды сотталмаған.