Өзара айырбас шартымен Қазақстан астығын Иранға сату 2006-жылы жолға қойылады



“Қазақстандық өкілдер осы мәселені шешу үшін жуырда Иранға барады деп сенеміз”,- деді елші.

Ромин Мехмонпараст мырзаның айтуынша, жобаға сәйкес алғашқы жылы 1 млн. тонна астық беру көзделген. “Жыл сайын бұл көлем 1 млн. тоннаға артып отырмақ. Бес жылдан кейін Қазақстаннан экспортталатын астық мөлшері 5 млн. тоннаға жеткенін біз қалаймыз”,- деді Иран Ислам Республикасының еліміздегі елшісі.