Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасын жасауға еліміздегі барлық министрліктер жұмылдырылады

Қ.Сафиновтың айтуынша, "Өзара өнім бөлісу туралы Келісім жөніндегі заң жобасының алғашқы нұсқасы үкіметтің соңғы отырысында ҚР үкімет басшысының төрағалық етуімен талқыланды".

Заң жобасының алғашқы үлгісінде "ҚазақМұнайГаз ҰК" ЖАҚ мен ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің ұсыныстары қамтылған. Қ.Сафиновтың айтуынша, заң жобасына қазір жобаланып жатқан салық моделі арқау болады. Заң жобасында шамамен 30 бап бар.
"Заңда Қазақстандық жаңашылдық деуге лайық дүниелер көп. Онда Солтүстік Каспийдегі өзара өнім бөлісу жөнінде шарт жасасу барысында жол берілген қателіктер қайталанбайды",- деді Қ.Сафинов.