Өзбек басшысы қызылдармен айқасқан басмашыларды тәуелсіздік үшін соғысқан тұлғалар деп атады


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"Өзбек басшысының мына қадамы ұнады. Шавкат Мирзиеев 1920-1930 жылдары ұлты үшін соғысқан басмашыларды тәуелсіздік үшін соғысқан тұлғалар деп атады.

"Қудалауға ішкі потенциалы мықты дәрігерлер, мұғалімдер, ғалымдар мен әдебиетшілер, нағыз көшбасшылар ұшырады. Олардың барлығы біздің ұлтымыздың ең зиялы тұлғалары болатын. Тоталитарлық режимге ұлттың көзін ашып, оның ұлттық бірлігін арттыратын білімді адамдар керек емес еді. Олардың бар кінәсі, ұлы болғандарында ғана" деді ол. Еркек!", деп жазды Асхат Қасенғали.