Компания аналитиктерінің болжамдарына сүйенсек, өзбектің жеңіл көліктері мен жолсызбен жүре алатын көліктерінің тек ТМД елдеріне экспорты 2012 жылға дейін 1,7 есе ұлғаяды. Өткен жылы ел аумағында шығарылатын көліктерге деген республиканың қажеттілігі шамамен 100 мың көлікті құраса, 2012 жылға қарай сарапшылардың есептеулеріне сәйкес, ол 2 миллионға жетуі мүмкін.