Өзбек шекарашылары жүк вагондарының арасына жасырынған азаматшаны ұстады


Қазақстан ҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, сәрсенбі күні қазақстандық күзет жүк вагондарының арасында жасырынып тұрған әйелді байқап қалған көрінеді.
«Бұл туралы бірден Өзбекстан шекарашыларына хабарланды. Олар бірер минуттан кейін мемлекеттік шекараны бұзған әйелдің ұсталғанын хабарлады», - делінген хабарламада.