«Бір елдің төрағалығы аясында ұстанған ұстаным төрағалық келесі мүше мемлекетке ауысқан кезде жаңа кезең аясында қолдауға ие болып, дами түскені аса маңызды. Тәжікстан төрағалық еткен кезде солай болды. Мұны РФ толықтай қолдайды. Төрағалық осы жылғы шілдеден бастап Өзбекстанға ауысқан кезде де дәл осылай болатынына сенімдімін. Әзірге қорғаныс министрлері, денсаулық сақтау министрлері, ішкі істер министрлерінің кездесуі күтілуде», - деп атап өтті ол.
10 шілдеде Уфада ШЫҰ саммиті аясында төрағалықты тапсыру рәсімі өтеді, бірқатар маңызды құжаттар қабылданады.
«Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 70 жылдығына арналған мәлімдеме қабылданады деп күтудеміз. Сондай-ақ, ШЫҰ-ға мүше елдердің есірткі қаупі туралы мәлімдеме жобасына ұсыныстар қолдау табады деп күтіп отырмыз. Мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойылатын шекара мәселесі бойынша келісімге келу жұмыстары аяқталады деп сенім артып отырмыз. Әрине, сонымен бірге таяу 10 жылға ШЫҰ дамуын айқындайтын басты құжат бұл - 2025 жылға дейін даму стратегиясы. Құжат жан-жақты ойластырылған, оның жұмысына тараптардың барлық өкілдері тең қатысады. 2025 жылға дейін даму стратегиясы - бұл тек қана ұйымның ауқымды кешенді дамуын бекіту ғана емес, сонымен бірге өңірдегі барынша салмақты ден қоятын ШЫҰ өзіндік ерекшелігі бар мәлімдемесі», - деп атап өтті Мезенцев.
Бүгінде ШЫҰ-ға Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан кіреді. Бұдан басқа, ұйымда үш мемлекет басшысының толыққанды мүше болу мәртебесін алуға қол қойған өтініші (Үндістан, Иран, Пәкістан) бар, бірқатар елдер бақылаушы, диалог әріптесі мәртебесін алуға өтініш білдіруде, олар - Беларусь, Әзербайжан, Армения, Сирия, Камбоджа, Молдавия Республикасы, Непал, Бангладеш. Бірқатар басқа да өтінімдер бар.