Өзбекстан азаматтары ел аумағынан тек биотөлқұжат арқылы ғана шыға алады

Бұл министрлер кабинетінің «Өзбекстан Республикасы азаматтарының шетелге шығу тәртібін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» қаулысында қаралған, деп «Интерфакс» агенттігіне бүгін үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Құжат кіріспесінде ол халықаралық шекаралық өткізу бекеттерінде республика азаматтарының құжаттық тексеруден өту, олардың құқығы мен бостандығын тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданғаны айтылған.

Қаулыға сәйкес, 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап әуе және темір жол қатынасы арқылы шетелге баратын Өзбекстан Республикасы азаматтарына әуе және темір жол билеттерін рәсімдеу және сату биомтериялық төлқұжат негізінде жүргізіледі.


Өзбекстанда биометриялық төлқұжат жүйесін енгізу 2011 жылдың қаңтарынан басталды. Ескі үлгідегі төлқұжаттар республикада 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін жарамды болмақ.