Өзбекстан азаматы көне монеталарды контрабандалық жолмен өткізбек болған

Өткен бейсенбіде "Қапланбек" кеден бекетінде тексеру кезінде одан 285 көне монета табылған, делінген жұмада облыстық кеден бақылауы департаментінен таралған баспасөз хабарламасында.

Ұсталған жігіттің айтуынша, монеталар біздің заманымыздың V-VII ғасырларында көне орталық-азиялық мемлекеттерге тиесілі болған.

Монеталардың тарихи құндылығын анықтау үшін сараптама жүргізілмек.