Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан елдері "KazSat" жер серігін пайдалануға ниет білдіруде

"Қазіргі жағдаймен Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан елдері "KazSat" жер серігінің мүмкіндіктерін пайдалануға ниет білдіріп хат келтірді",- деді А.Жұмағалиев.

Сонымен бірге агенттік басшысының хабарлауынша, еліміздегі барлық байланыс операторлары жер серігінің қуатын пайдалануға көшіп жатыр. "Біз Қазақстанның жер серігін пайдалануға көшу мәселелерін алдын-ала дәйектеп, қазір елімізде жұмыс істеп жатқан барлық операторлармен меморандумға қол қойдық",- деді ол.

А.Жұмағалиевтің айтуынша, 2010-жылға дейін жер серігінің қуатын 816,5 Мгц-ке дейін жеткізу, соның ішінде, 2006-жылы қазақстандық операторлардың пайдалануына 326 МГц қуатты беру, одан әрі бұл көрсеткішті арттыра түсу" межеленген.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстанның тұңғыш "KazSat" жер серігі 2006-жылдың 18-маусымында ұшырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті