Өзбекстан басшылығы Қазақстанға Шымкент түбінде болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен қаза тапқан шекарашылардың отбасыларына Шымкент түбінде әскери-көлік ұшағының құлауына байланысты көңіл айтты.

Өзбекстан Премьер-Министрі Шавкат Мирзиёев те өзінің әріптесі Серік Ахметовке көңіл айтты.

Қазақстандық дипломатиялық өкілдігінде ӨР-да аккредиттелген Елшіліктердің өкілдері жазбаларын қалдыратын Көңіл айту кітабы ашылды.