"Тар құрамдағы екіжақты келіссөздер аясында тағы да ашықтық және сенім жағдайында біз екіжақты қатынасымызға, Орта Азия өңіріндегі және жалпы ТМД аумағындағы жағдайға қатысты көптеген мәселелерді талқыладық. Қазақстан мен Өзбекстан бірге қарсы тұруы керек жаңа қауіптер жайында сөйлестік", - деді Н. Назарбаев.
"Біз тәуелсіздігімізді, екі халық арасындағы достықты нығайта отырып, бар қиыншылықтарды бірге жеңуіміз керек", - деп атап көрсетті ҚР президенті. "Өзбекстан президентінің сапары екіжақты қатынастарды дамытуда тағы бір серпін болатынына сенімдімін", - деп атап көрсетті ол.
Қазақстан басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастарды дамытуға ықпал ететін екіжақты ынтымақтастықтың экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағдарламалар жүзеге асырылып жатқанын атап көрсетті.