Өзбекстан карантин мерзімін ұзартты

Үкіметтің арнайы комиссиясы 14 мамырда карантин мерзімі кемінде 1 маусымға дейін күшінде қалатынын мәлімдеді. Бірақ кейбір кәсіпорындарға жұмысын жалғастыруға рұқсат етілмек.

Орталық Азиядағы халқы ең көп мемлекетте ресми мәлімет бойынша, 2652 адамнан коронавирус табылған, 11 адам қайтыс болған.