Өзбекстан Оңтүстік Кореяға 2600 тонна уран сатады

Өзбекстан үкіметі Оңтүстік Корея үшін аса маңызды шикізат - уран сатуға келісті. Келісім 2010 - 2016 жылдарға есептелген. Жеткізілім құны $400 млн тең.

Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік мәліметінше, Өзбекстан уран қоры бойынша әлемде жетінші орында, оны өндіру жағынан - бесінше орында. Елдегі уран қоры 55 - 80 мың тоннаны құрайды.