Өзбекстан президенті Астанаға келді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі республика басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеев 27 қазанда "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" форматындағы мемлекет басшыларының бірінші кездесуіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Астана қаласына аттанды. Іс-шараға ел басшылары мен Еуропалық кеңесінің президенті Чарльз Мишель қатысады", - делінген хабарламада.

Саммитте саяси диалогты дамыту перспективалары, өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық пен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыру мәселелері талқыланатыны атап өтілді.