Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлады Росбалт-қа сілтеме жасап.
Uzbekistan Airways ұлттық авиакомпаниясы президент Шавкат Мирзиеев үшін бизнесмен Алишер Усмановтың ұшағын жалға алады. Бұл туралы тасымалдаушының ресми сайтында жазылған.
Ел үкіметі әуе компаниясына алыс жолға ұшатын лайнер табуды тапсырды. Нәтижесінде таңдау Airbus 340 M-IABU ұшағына түскен. Компания ұшақ иесі – Klaret Aviation Limited-пен «нарықтағы баға бойынша коммерциялық шарттарда» жалға алу келісімшартын бекітті.
«Өзбекстан әуе жолдары» ұлттық авиакомпаниясы Өзбекстан Республикасы үкіметі атынан Алишер Бурханович Усмановқа Airbus 340 M-IABU ұшағын келісімшартқа сәйкес ел президентінің пайдалануы үшін жалға беруге келісім бергені үшін ризашылық білдіреді», - делінген хабарламада.
Айта кетсек, мұның алдында ВВС басылымы Шавкат Мирзиеевтің Сочиде өткен ТМД мемлекет басшылары кеңесінің кездесуіне ресейлік олигархтың жеке ұшағымен барғанын жазған болатын. Дәл осы лайнермен президент қыркүйектің ортасында Нью-Йоркке, БҰҰ Бас ассамблеясына ұшқан еді.
Басылым Мирзиеев пен Усмановтың туыс екенін атап өтті. Шавкат Мирзиеевтің әйелінің жақын туысы Алишер Усмановтың немере інісі, 2013 жылы Ташкентте жол апатынан қаза тапқан Бабур Усмановқа тұрмысқа шыққан