Өзбекстан президенті ресми сапармен Қазақстанға келеді - ҚР СІМ

Сапар сәуірдің 22-23 жұлдызына межеленген.

Е. Ашықбаевтың айтуынша, "сапар барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, сондай-ақ, өңірлік проблемалар саласындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдету жайын талқылау межеленген".

Ресми мәліметке сәйкес, екі ел арасындағы тауар айналымы 2007 жылы $1,4 млрд, 2006 жылы $703 млн болған.

"Бұл екі жақты тауар айналымының кейінгі екі жылда екі есе өскенін көрсетеді", - деді Е. Ашықбаев.