Өзбекстан президентінің қызына іздеу жарияланды


Енді «Гугуша» деген бүркеншік есімімен де танылған Кәрімова мен оның көптеген сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болып отыр. Олар мемлекетке 457 миллиард сум, яғни 200 миллион доллар көлемінде шығын келтірген. Президенттің қызы осыншама қаржыны қылмыстық топ құру арқылы иеленіпті. Яғни ол көлеңкелі бизнеспен айналысқан. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, қылмыстық топ құрамында Гугушаның сенімді адамы Гаянэ Авакян мен азаматтық некедегі күйеуі Рустам Мадумаров та болған. Бұл екеуі осы жазда 12 және 10 жылға соталған еді.