Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлап, сайлау округтерін құру 15 мамырға, ал сайлау учаскелерін құру 25 мамырға белгіленді. Сонымен қатар сайлаушылардың бірыңғай электронды тізімі жасалады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Саяси партиялар сайлау науқаны жарияланғаннан кейiн 3 күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясына өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тiркеу туралы өтiнiш жасауы тиiс.
Сайлауға қатысу үшін партиялар 15 мамырға дейін құжаттарын тапсыруы қажет. Президенттікке кандидаттар 17 мамыр мен 1 маусым аралығында ұсынылады.
Сайлауды дайындық пен өткізуге байланысты іс-шаралардың тәртібі, кезеңдері мен мерзімі туралы ақпарат сайлаушыларға және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар арқылы жеткізілетін болады.