Бұл шара Әндіжандағы оқиғаға байланысты қолданылды деген болжам бар. Онда өткен түні қарулы адамдар түрмені басып алып, 2 мыңдай қылмыскерді босатып жіберген. Сонымен бірге қазір интернет-агенттіктер Әндіжанда қалалық әкімшілік те басып алынды деген хабарламалар таратуда.
Ал Өзбекстанның мемлекеттік шекара комитетінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, Өзбекстанның шекара әскерлері қалыпты жағдайда борышын өтеп жатыр. Шекараны жабуға шара қолданылған жоқ.