Ш. Маджитовтың айтуынша биылғы жылы Өзбекстан экспорттайтын табиғи газ көлемінің 85 пайызы Ресейдің үлесіне тиеді.
Өткен жылы 14,5 млрд текше метр газдың 10 млрд текше метрі Ресейге жөнелтілді.Өзбекстанмен көршілес тұрған Қырғызстан мен Тәжікстанға 1,5 млрд текше метр көлемінде көгілдір отын экспортталды.
2006 жылы Ресейге 9,58 млрд текше метр газ жіберілсе, Қазақстан - 1,6 млрд, ал Қырғызстан мен Тәжікстан екеуі 1,47 млрд текше метр өзбек табиғи газын алды.