Өзбекстан ТМД еркін сауда-саттық аймағына қосылды


Президент Ислам Кәрімовтың қолы қойылған құжат республика басылымдарының сенбідегі санында жарияланды.

Сонымен, Өзбекстан ТМД еркін сауда-саттық аймағы туралы келісімге қосылған тоғызыншы мемлекет атанып отыр. Құжатқа 2011 жылы 18-қазанда ТМД-ға мүше сегіз мемлекет қол қойған болатын. Тәжікстан әзірге оны ратификациялаған жоқ.