Өзбекстан ұлттық агенттігі қазақ тілінде хабар тарата бастады


Бұған дейін агенттік ақпаратын 8 – өзбек, орыс, ағылшын, француз, неміс, испан, араб және қытай тілдерінде таратып келген.

"Өзбекстанда Қазақстан жылының жариялануына байланысыт, елдің ресми ақпараттық агенттігі қазақ тілінде де хабар тарата бастайды" делінген агенттік сайтындағы ақпаратта.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter арқылы Өзбекстан ұлттық ақпарат агенттігінің қазақ тіліндегі нұсқасын туралы пікір білдірді. "Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі Өзбекстандағы Қазақстан жылы құрметіне қазақ тілінде хабар тарата бастады. Бұл - Елбасы Н. Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ш. Мирзияевтің бауырлас халықтар достығын жаңа деңгейге көтеруінің жемісі", – деп жазды Қазақстан басшысы.