Өзбекстан ВИЧ-инфекциясын кең тарататын елдер қатарына енді

Өзбекстан Орталық Азия елдері бойынша ВИЧ-инфекциясын тарату жағынан алда келеді. Бұл жөнінде Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша ЮНЭЙДС-тің (БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі бірлескен бағдарламасы) аймақтық директоры Виней Салдан арнайы брифинг кезінде мәлімдеді деп хабарлайды CA-News.

Оның сөзінше, Орталық Азия елдері ішінде Өзбекстан азаматтары ВИЧ инфекциясын көп жұқтырады әрі таратады. Сарапшының пікірінше, бұл халық санының көптігіне байланысты болуы да мүмкін.

"Өзбекстанда ВИЧ-инфекциясын жұқтырып, тіркеуде тұрғандар өте көп. Қырғызстан мен Тәжікстанда орташа өсу бар", –дейді В. Салдан.


ЮНЭЙДС өкілінің хабарлауынша, Түркіменстан БҰҰ-ға ВИЧ-инфекциясы жөнінде ақпарат бермей отырған жалғыз мемлекет.