Өзбекстан және Түрікменстан президенттері Ислам Каримов пен Гурбангулы Бердымухамедовтың келіссөздері аяқталды

Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет басшысы біріккен коммюникеге, сондай-ақ, Ашхабадта 2007 жылдың 18 қазанында қол қойылған Өзбекстан мен Түрікменстан Республикалары арасында жан-жақты ынтымақтастық пен достық байланыстарды одан әрі нығайту туралы келісімді ратификациялау жөніндегі грамоталармен алмасу туралы хаттамаға қол қойды.

Үкіметтік байланыс саласындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісім мен екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы хаттамаға Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норов пен Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары Эргаш Шоисматов пен Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамухаммет Мухаммедов Өзбекстан мен Түрікменстанның шекаралық аймақтарында орналасқан шаруашылық нысандарындағы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын өткізу мен оларды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойды. Өзбекстанның ауылшаруашылығы және су шаруашылығы министрі Сайфиддин Исмаилов пен Түрікменстанның ауылшаруашылығы министрі Эсенмурад Оразгелдыев агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.