Өзбекстанда 6 млн тонна астық жиналды

Өзбекстанның Ауыл және су шаруашылығы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, қол жеткен табыстың негізгі факторы тұқым себу маусымының ұйымдастырылған түрде жүргізілуі, аграрлық салаға заманауи технологияларды енгізу, селекциялық жұмыстар, ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күресумен байланысты шараларды дер кезінде орындау болып табылады.

Егіс алқаптарында түсімді жинау жалғасуда. Сонымен қатар, босаған аумақтарға ауыл шаруашылығының дақылдарын қайта егу жұмыстары басталып кетті.