Өзбекстанда аборттан тірі туған шақалақтарды дәрігерлер пешке жағып отырған

Атышулы бұл іс туралы Өзбекстан Бас прокуратурасының аясындағы "Хукук" газеті жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ақпанның соңында емхананың бас дәрігері Нигору Салихановты (балалар дәрігері) 13 жыл екі айға, акушер-гинеколог Д.Нажимовты 12 жыл алты айға бас бостандығынан айырған.

Жазадан басқалары да құтыла алмады. Перзентхана кешенінде жұмыс істеген Нажимованың негізгі байланыс көзі болған, аборт жасатқысы келген, бірақ дәрігерлер кеңес түсік жасатуға кеңес бермеген әйелдер осы маманға хабарласып, мәселесін шешіп отырған. 

Нажимова заңсыз қызметі үшін ақысын келіскеннен кейін оларды Салихановтың жеке емханасына жатқызған. Түсік жасауға түрлі әдістер қолданылған, ал түскен қаражат осы топ мүшелеріне үлестіріліп отырған. Осы топтың тағы бір мүшесі Э.Салиханова болса бала асырап алуға дайын азаматтармен байланыс орнатумен айналысқан. Тірі қалып, жағдайы тұрақты болған сәбилерге аборттан кейін жалған құжат жасалып, жаңа ата-анасына сатып отырған. Ал сатып алушысы табылмаған сәбилерді қасақана қараусыз қалдырған. Ал денелерін медициналық қалдықтарды өртеуге арналған пешке жағып отырған.

Газет бала сатудың бірнеше дерегін келтіріп отыр. 2014 жылдың ақпанында Салиханова жаңа туған сәбиді 2500 долларға сатқан. Ал мамырда қылмыстыұ топ жаңа отбасына сәби сатуа уәде берген. Жүкті келіншектердің біріне жасанды түсік жасату жолын қолданып, 500 доллар және 200 мың сомға сатқан. 

Бас прокуратура газеті осындай адам өлтіру оқиғаларын тізіп отыр. Балалардың мәйітін Салихова Нажимова жұмыс істейтін кешенге жіберіп отырған, ал ол өз кезегінде балаларды пешке жағумен айналысқан. 


Сот кезінде 2016 жылы емханада жұмыс істеген еден жуушы сұмдық жағдайды айтып берді. 

"Біз әріптесімізбен әйелдердің бала босанғанынан кейін жұмыс істейтінбіз, оларға көмектесіп, жағдайын қарайтынбыз. Жаңа туған балалардың денесін матаға орап, 18-ші бөлмедегі тоңазытқышқа салатынбыз. Бала тірі қалатынын байқасақ, оны пеші бар жылы бөлмеге жатқызатынбыз. Одан кейін тірі қалған және өліп кеткен балалардың қайда жіберілгенін білмеймін", - деді куәгер.

Оқи отырыңыз:

«Өзі үшін» некесіз бала туып алатындар көбейіп жатыр

Тоймен аяқталған сот: Шымкентте 15 жасар қызды жүкті еткен бозбаланың соты болды

Астананың туған күнін Еуропа да тойлай бастады