Бұл туралы елдің Ақпараттандыру және телекоммуникациялар саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәлімдемесінде айтылған, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерді пайдалану Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін өңдеу кезінде заңнама талаптарының бұзылуына байланысты шектелгені хабарланды. 2 шілдеден бастап олар анықталған кемшіліктер жойылғанға дейін "Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын бұзушылар тізіміне" енеді.
Әзірге қай әлеуметтік желі екені белгісіз, бірақ қолданушылар Twitter, TikTok және ВКонтакте, сондай-ақ Skype жұмысында қиындықтар болғанын хабарлады.