Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кеше Әндіжан қаласындағы «Қайрағочтош» махалласының тұрғыны Наргиз Бекжонова перзентханаға жатқызылып, оған кесір тілігі жасалды.
Босану білікті акушер-гинеколог, неонатолог және реаниматологтардың бақылауымен сәтті өтті. Сәбилердің үшеуі — қыз, екеуі — ұл.
Кейін ана мен сәбилер Ана мен бала денсаулығын қорғау республикалық мамандандырылған ғылыми-практикалық медициналық орталығының Әндіжан облыстық филиалына ауыстырылды.
— Қазіргі уақытта сәбилер мен анасының денсаулығы жақсы. Олар білікті медицина қызметкерлерінің бақылауында, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салайық, таяуда Қытайдың Ухань қаласындағы перзентханалардың бірінде 24 жастағы Дилхумар Мәметжан өмірге бесем әкелгенін жазып едік.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, былтыр Ташкентте төртем дүниеге келді.