Өзбекстанда девальвация: Сом екі есе құнсызданды

Орталық банк сайтындағы мәлімет бойынша, 5 қыркүйектен бастап бағам долларына 8,1 мың сом деңгейінде тіркелді. 

2003-2017 жылдар аралығындағы бағам анықтайтын факторлардың динамикасын сараптау негізінде, сондай-ақ, банктердің шетелдік валютаны импортер кәсіпорындармен келісілген бағамын есепке алғанда, қазіргі уақытта валюта бағамының болжалды деңгейі есеппен 1 АҚШ долларына 8-8,15 мың сом тең", - делінген ОБ хабарламасында. 

Өткен аптада бір доллардың құны, ОБ мәліметінше, 4210,35 сом болған. 


Айта кетейік, мұның алдында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев елде заңды және жеке тұлғалар 5 қыркүйектен бастап валюта сатып алу және сату операцияларын нарықтағы бағам бойынша еркін жүзеге асыра алатын жарлыққа қол қойған болатын.