Өзбекстанда химиялық зауытта жарылыс болды


Төтенше оқиға кезінде цехта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Төтенше жағдай министрлігі өкілі жарылыстан қаза тапқандар барын айтқанымен, олардың нақты санын айтпады. Ведомство мәліметінше, жарылысты тексеріп, құрбандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылған.