Өзбекстанда коронавирусты жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелді


15 наурыз күні таңғы сағат 6.00-де Республикалық вирусология институтында Өзбекстан азаматы COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды. Ол  Францияда болып келген. Қазір вирустың жаппай тарамауының алдын алу үшін эпидемиологиялық зерттеулер мен профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Толығырақ ақпарат тағы жарияланады, - делінген хабарламада.