Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Түркістан қаласының мәртебесімен қатар қасиетін ескеретін арнайы заң қабылдап, бұндай малғұндарға кесене түгіл қалаға 40 шақырым жақындатпай, бір қадам аттап бастырмайтын заң қабылдап, заңмен тыйым салу керек!
Жалпы, елімізде бірнеше қала мен елдімекендерге, статусына орай, мемлекеттік және ұлттық, идеологиялық маңызына қарай, арнайы жеке-жеке заңдар қабылдайтын уақыт жетті...
АҚШта әр штаттың өз заңы бар. Басқа да көптеген елдерде әр қаланың, әр аймақтың салтына, ерекшелігіне сай өз заңдары бар...
Өзбекстанда Әмір Көрінде, Қабірстанда, Регистанда, тіпті, ең бұзық деген қаланың ең бұзық деген көшелерінде өстіп жүрсінші - өз билігі-ақ сәтінде атып тастар", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.