Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы “Адырна” -ға сілтеме жасап хабарлайды.
19 жастағы шахматшы Әзірбайжан мен АҚШ-тан келген қарсыластарын, тағы бір қазақстандық Ксения Балабаеваны жеңіп, 8 турда 5,5 ұпай жинады. Бибісараның жеңісті сериясы 34-ші орыннан 12-ші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион АҚШ доллары.
Айта кетейік, үздік отыздыққа тағы үш қазақстандық шахматшы кірді - Зарина Нұрғалиева (5 ұпай, 20-орын), Назерке Нұрғали (5 ұпай, 24-орын) және Ксения Балабаева (5 ұпай, 27-орын).