Өзбекстанда қатты аяздан сарқырама қатып қалды

Қашқадария облысының Гиссар қорығындағы Миракинск учаскесінде орналасқан Сувтушар сарқырамасы толықтай мұзға айналды, - деп атап өтті мемлекеттік комитет.

Узгидромет мәліметі бойынша, суық антициклонның салдарынан осы аптаның соңына дейін елде аяз болады.

Жаңа жылдың бірінші жұмыс аптасында қалыптан тыс суық ауа райы сақталады, - деді метеоқызмет.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл күндері түнгі уақытта ауа температурасы минус онға дейін төмендейді, ал солтүстік пен шөлді аймақтарда минус он жеті градусқа дейін барады. Күндіз ауа температурасы минус бес градустан жоғарыламайды. Осылайша, апта бойы елдегі ауа температурасы қалыпты деңгейден сегіз-он градусқа төмен болады.