Өзбекстанда қауіпсіздік шаралары күшейтілді


«Өзбекстан ислам қозғалысының» соңғы кезде белсенді қимылдай бастағанын ресми Ташкент те, жасырып отырған жоқ. Өзбек билігі қазір бүкіл ел аумағында қауіпсіздік шараларын күшейткен. Әсіресе Ауғанстанмен шектесетін аймақтарда қарулы күзет көптеп қойылып жатыр. Ал «Ислам мемлекетінің» содырлары Сирия мен Иракта кескілескен ұрыс жүргізіп жатқаны белгілі. Қазір халықаралық лаңкестік топтарға АҚШ пен бірқатар Еуропа және араб елдері бастаған коалициялық күш әуеден соққы беруде. Бүгінге дейін қаза тапқандар жүздеп саналады.