Абдусаломов дауыс беруге сайлаушылардың 87,83 пайызы - 17,9 миллион адам қатысқанын айтты. Өзбекстанда сайлаушылар тізіміне 20 миллионға тарта адам енгізілген.
Бұл сайлауда 2003 жылдан бері премьер-министр қызметін атқарған Шавкат Мирзияев жеңіске жетеді деген болжам басым. 59 жастағы Мирзияев күзде авторитарлық президент Ислам Каримовтың қайтыс болғаны хабарланғаннан алты күннен соң президент міндет атқарушы болып жарияланған.
Мирзияев президент міндетін уақытша атқарушы болып конституцияға сай жарияланған жоқ. Конституция бойынша, президент міндетін уақытша атқару алдымен парламенттің жоғарғы палатасының спикеріне жүктелуі тиіс болатын. Мирзияев бұған дейін Ислам Каримов салып берген саяси бағыттан айнымайтынын мәлімдеген.