Өзбекстанның Ғылым академиясының Зоология институтының мамандары үкіметке нысандардың зардап шегуі 25 пайыздан жоғары қалалар мен аудандарда термиттерге қарсы отрядтар және көрсеткіш одан төмен жерлерде ауданаралық отрядтар құруға ұсыныс білдірді.
Ал сол арада Өзбекстандағы "термиттер шабуылы" өте алаңдатарлық дәрежеге жетті. Тек Хиуа қаласындағы барлығы 57 тарихи-мәдени ескерткіштердің отызын қазіргі уақытта термиттер жайлап алған. Қарақалпақстанда термиттер мекендейтін жер көлемі 30 шаршы шақырымға ұлғайып, 780 шаршы шақырымға жеткен.
Ең қиын жағдай Нүкіс, Елікқала, Төрткөл, Беруни және Тахтакөпір қалаларында қалыптасып отыр. Тек қана Қарақалпақстан астанасы Нүкіс қаласында 2500 тұрғын үйді термит жайлап алған.