Айтыс өткен Фархат сарайына қандастарымыз лық толды. Бұған дейін ол аймақта мұндай жоғары дәрежелі айтыс өтпеген екен.
Айтысты қорытындылағанда: Бас жүлдені - Оңтүстік Қазақстан облысының айтыскер ақыны Біржан Байтуов қанжығаласа, бірінші орынды да оңтүстікқазақстандықтар Карима Оралова мен Қажымұқан Абзалов бөлісті. Екінші орынды - жамбылдық Алик Бекмусаев пен Құлмахан Дүйсенов (Ташкент) иеленсе, үшінші орынды - Жандарбек Қайырбек (Ташкент) пен Жамбол Көпбосынов қанағат тұтты.