Өзбекстандағы оқиғалар әскер қатарында тек кәсіпқой мамандардың борышын өтеуі қажет екенін тағы бір дәлелдейді - ҚР қорғаныс министрі

"Өзбекстанда әскери бөлімшені басып алды және қару-жарақ қолды болды деген ақпараттар тарады. Бұл - әскер қатарында тек кәсіпқой әскерилер ғана қызмет атқаруы тиіс екенін тағы бір дәлелдейді",- деді министр.

"Өзбекстандағы жағдай саясаткерлер үшін сабақ болуы қажет",- деді көршілес республикадағы оқиғаларға түсініктеме берген министр. "Біз өз тарапымыздан шекарадағы күзетті күшейтіп, қорғаныс қоймалары мен әскери бөлімшелер орналасқан жерлердегі қауіпсіздікті нығайта түстік",- деді министр.