Өзбекстандағы оқиғалардың Қырғызстандағы биліктің алмасуына ешбір қатысы жоқ - Қырғызстанның үкіметтік емес ұйымдары

"Өзбекстанның ішкі ісі болып табылатын Әндіжандағы соңғы оқиғалар Қырғызстандықтардың алаңдаушылығын тудырмай тұра алмайды",- деді Э.Байсалов. Ол Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтың "Әндіжандағы бүлік оңтүстік Қырғызстанда дайындалды" деген мәлімдемесіне келіспеушілік білдірді.

"Өзбекстанға төңкеріс экспорттау туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ",- деді Қырғызстандағы ірі үкіметтік емес ұйымның жетекшісі. "24-мамырдағы төңкеріс өзбектерді көтеріліске шығуға итермелеуі мүмкін, бірақ дегенмен, екі елдегі қоғамдық-саяси құрылымның табиғаты бір-бірінен мүлдем кереғар",- деді Э.Байсалов.
Дегенмен осы орайда ол Қырғызстан халқын "көршілес мемлекеттің ішкі ісіне араласуға итермелеуге тырысуы мүмкін экстремистер мен арандатушыларға" қатаң тойтарыс беруге шақырды.