Мемлекет басшысының ауруханаға түскені жайында "Ахборот" ақпараттық бағдарламасының директоры орталық телеарнадан оқыды. "Мамандардың айтуынша, толық дәрігерлік ем алу үшін біраз уақыт керек", - делінген хабарламада. Ал оның ауырып жатқанын биліктегілер де растаған.
Талайдан бері науқас, деген сөз шыққан Кәрімов Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығында ел алдына шығуы тиіс болған.
Әйтседе, дәл қазір Ислам Кәрімовтың тақ мұрагері кім болуы мүмкін, деген сауалдар өршіп тұр. Президент 2013 жылы жүрек талмасына ұшырағын кезде тақ мұрагері жайлы түрлі қауесет тіптен өрши түскен еді.
Дегенмен осы уақытта елді басқаратын келесі адам ретінде бірнеше үміткер аталуда.
Олардың біріншісі Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияев.Кейбір саясаттанушылар оның мүмкіндігі басым деп болжап жүр.
Сондай-ақ елдің қаржы министрі Рустам Азизов та ел билігін ұстайтын үміткерлердің бір ретінде аталады.
Ислам Кәрімовтың үлкен қызы поп-әнші, модельер, Өзбекстанның БҰҰ-дағы өкілі 40 жастағы Гүлнәр Кәрімова да тақ мұрагері ретінде айтылып қалуда.
Ал Өзбекстанның белгілі саясаттанушысы Усман Хақназаров президенттің кіші қызы Лола Кәрімова тақ мұрагері болуы мүмкін деп пайымдайды. Оның мәліметіне қарағанда, 2015 жылы Кәрімов Көксарай резидециясына шектеулі шенеуніктерді жинап алып, тақ мұрагерінің есімін жариялаған.
78 жастағы Ислам Кәрімов Өзбекстан президенті ретінде 1991 жылдан бері ел басқарып келеді.