Өзбекстандық аспаз Гиннестің рекордтар кітабына әлемдегі ең үлкен лағманды енгізуге ниетті


Оны дайындауға жарты центнер ет, бір шақырым кеспе қажет.

Гиннесс кітабына рекордты ресімдеу үшін "Интеррекорд" халықаралық рекордтарды тіркеу агенттігінің сарапшылары шақыртылды.

Сондай-ақ лағманды жылдам жеп тауысу бойынша алғашқы чемпионат та өтеді.

Хаким Ганиев Өзбекстанның Ферғана облысы Маргилан қаласында дүниеге келген. Қазір Ресейде көптеген телебағдарламаларды жүргізетін ТМД-дағы өзбек асханасының танымал бас аспазы.