Өзбекстандық мұғалімдер лимон өсіруге мәжбүр


Дереккөз ақпаратына қарағанда, Әндіжан облысының мектептері мен бала бақша әкімшілігіне лимон салатын жылыжай салуды тапсырған. Жергілікті білім беру басқармасының қызметкері бұл бастама экспорт көлемін арттыру үшін қажет деп мәлімдеген.

Бірақ бірқатар мектеп директорлары бұл іске қаржы мүмкіндігі жоқ деп шағымданған.

– Жылыжай құрылысын салуға қаржы жоқ. Облыс әкімі банктен несие алып беруге уәде етті. Бірақ ол несиені қайтару керек ғой. Мұнан бөлек лимонды баптайтын бақташыны қайдан табамыз? Оған жақсы маман керек. Біздің мұғалімдер лимон өсіру керек пе, әлде балаларды оқыту керек пе? Бізге мұндай бас қатырғыш керек емес,- дейді директорлардың бірі.