Өзбекстандық шекарашылар Қырғызстан азаматын жарақаттады

Оперативтік мәліметтерге сәйкес, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің Шекара әскерлерінің маневрлік тобы 13 шілдеде бұйрыққа бағынбауға байланысты өз аумағында өзбек нөмірі бар ақ түсті "форд-транзит" көлігінің соңына түскен, ол Қырғызстан аумағына қарай мемлекеттік шекарадан өтпек болған.

Қырғызстанның мемлекеттік шекарасына дейін 10 метр жер қалғанда өзбек шекарашылары атқан оқтан шағын автобуста отырған екі адам жараланып, Фергана ауруханасына жатқызылған.

Олардың біреуі 47 жастағы Қырғызстан азаматы болса, екіншісі - 57 жастағы Өзбекстан азаматы.

Бұл дерек бойынша шекарашылар тексеру жүргізуде.