Бұл туралы дереккөзге сілтеме жасап centralasian.org басылымы жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
"Шекараға таңғы жетіде келсеңіз, Қазақстанға түстен кейін ғана өтесіз. Адамдар шекарадан өту үшін бес-алты сағат тұрады. Үлкен кісілер мен балаларға, әйелдерге ауыр", - деді Ташкент тұрғыны.
Ол шекарадағы жағдайды видеоға түсіріп жіберді.
Ташкенттегі тәуелсіз журналист Абдурахман Ташановтың хабарлауынша, 19 желтоқсанда ол «Гишткуприк» бекетіне барған. Бірақ журналист шекарадағы үлкен кезектен өте алмаған.
"Кезекте шамамен 2 мың адам тұрды. Әр минут сайын кезекке адам қосылып жатты. Шекарадан өту үшін маған бес-алты сағат тұру қажет еді", - деді ол.
Желтоқсан айының басында баспасөзде Өзбекстан мен Қазақстан шекарадағы ең адам көп өтетін пунктерді кеңейтуге келіскені хабарланған.
Өзбекстанның тағы бір тұрғыны жақында ғана «Гишткуприкте» түсірілген суретін жолдады.