Өзбекстанмен шекарада контрабандалық валютаға тосқауыл қойылды


Сарыағаш шекаралық отрядының "Ынтымақ" заставасының наряды шекара заставасынан 7 шақырым жерде көрші мемлекет жақтан үш ер адамның келіп, қоршаудың үстінен қазақстандық жаққа скотчпен оралған үш қағаз пакет тастағандығын көрді, делінген сейсенбіде таралған ақпаратта.
"Пакеттерді қарау кезінде ол жерден 2,2 млн теңге, 1,1 мың еуро және 3,2 млн аса ресейлік рубль шыққан”.
Бұл факті Сарыағаш ауданының органдарына хабарланды, тергеу жүргізілуде.