Өзбекстанмен текетірес. Қазақстан бокстан халықаралық турнирге жаңартылған құрамын апарады

Софияға 39 ел командасы жианалды, жарыс екі апта уақыт өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап.  

"Турнирге әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мамұд Сабырхан және жастар арасында бірнеше әлем чемпионы мен Азия біріншіліктерінің жеңімпаздары қатысады.

Өзбекстан бұл жарысқа 26 боксшы іріктеді. Кейінгі әлем чемпионатының жүлдегерлері - Абдумалик Халоков пен Мадияр Саидрахимов тіркелді. Сондай-ақ, Олимпиада ойындарының жеңімпазы болған Хасанбой Дусматов және Азия чемпионы Саиджамшид Джафаров бар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, мұның алдында Қазақстан құрамасындағы бірнеше боксшы кәсіпқойға ауысты да, командада жаңару жүріп жатыр. Бұған дейін Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары Сербиядағы әлем чемпионатында бетпе-бет келген.